Саясат

Шавкат Мирзиёев қазақ елін жаңа Конституция референдумының табысты өтуімен құттықтады

Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім білдіретінін көрсетеді.

Мемлекет басшысы қолдау білдіргені үшін және халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін әріптесіне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетінін және елдің орнықты әрі жан-жақты дамуына негіз болатынын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Президенттер бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуын оң бағалап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button