Астанадағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған

Астана қаласында референдумға белсенділік жоғары. Әсіресе Алматы ауданындағы №39 сайлау учаскесінде референдумға белсенділік өте жоғары, деп хабарлады Астана қаласындағы аумақтық референдум комиссиясы.
Таңертеңнен бастап азаматтар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға келіп жатыр.
Тағы бір айта кетерлік жайт- жалпыұлттық референдумға мүмкіндігі шектеулі азаматтар да белсенді үлес қосып отырғандығы. Маңызды саяси кезеңде ел тағдырына бейжай қарамай, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруде. Соған сәйкес Астанадағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған.
Учаскеге келушілердің айтуынша, әрбір азаматтың қатысуы мемлекеттегі өзгерістерге оң ықпал етіп, елдің болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
«Бүгін еліміздің әрбір түкпірінде азаматтар өз таңдауын жасап, маңызды қадамға ат салысып жатыр. Әрбір дауыс елдің дамуына нақты үлес қосады деп сенемін. Сондықтан әркім жауапкершілікпен таңдау жасап, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы керек», — деді Алматы ауданының тұрғыны Нұрлан Зерденұлы.
Белсенділік жоғары болған сайын, елдің азаматтары өз болашағына деген жауапкершілік танытатыны сөзсіз.



