
Республикалық референдумда Қазақстан азаматтарының 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды.
Бұл жайлы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Республикалық референдум туралы коституциялық заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша, атап айтқанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім егер оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептелінеді, — дейді Әбдіров.
Комиссия төрағасы әр өңірде осы шешімді жақтап азаматтардың басым көбі дауыс бергенін атап өтті.
Осылайша Республикалық референдум туралы заңнамадағы елдің 20 өңірінің үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықта жаңа Конституция қабылданды деп танылады, — деп түйіндеді Әбдіров.
Бұл туралы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы деректеріне сәйкес: «Қолдаймын» дегендер — 7 954 667 адам (87,15%) «Қарсымын» дегендер — 898 099 адам Сайлауға қатысу деңгейі — 73,12% Жалпы сайлаушылар саны 12 482 613 адамды құраса, оның ішінде 9 127 192 адам дауыс берген. 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды, ал 127 868 бюллетень есепке алынбаған.
ОСК мәліметінше, референдум өтті деп танылып, жаңа Конституция қабылданды.



