Қазақстан азық-түлік бағасы үздіксіз қымбаттай беретін бес елдің қатарына кірді
Бірнеше жылдан бері соғыс ошағы болып отырған Украинаның өзінде азық бізден әлдеқайда арзан болып шыққан.

Қазақстан әлемдегі азық-түлік бағаларының өсу қарқыны ең жоғары бес елдің қатарына кірді.
Яғни БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жасаған тізімде Қазақстан азық-түлік саласы ең қымбат елдердің басында тұр, деп хабарлайды tiek.kz.
Рейтинг 2026 жылға арналған азық-түлік инфляциясының болжамды көрсеткіштері негізінде жасалған. Ең жоғары көрсеткіш соғыс оты тұтанып отырған Иран болып отыр. Болжамды азық-түлік қымбатшылығы — 49,1%. Екінші орында Аргентина (34,9%), үшінші орында Түркия (31,4%), төртінші орында 13,7% көрсеткішпен Ангола тұр.
Қазақстан 12,2% көрсеткішпен бесінші орында. Қазақстаннан кейін тізімде Моңғолия (11,9%), Грузия (11,6%) және Эфиопия (11,2%) бар. Ал тізімдегі басқа елдерде жылдың соңына дейін азық-түлік бағасының өсімі 10%-дан аз болады деп болжанған.
Украинада болжамды инфляция 9,2% деңгейінде, Қырғызстан мен Беларусьте – 8,6%, Арменияда – 7,6%, Ресейде – 5,8%, Өзбекстанда – 5,7% деп болжанады.
Рейтинг авторлары азық-түлік инфляциясына ең басты ықпал ететін факторлар ретінде ұлттық валюталардың курстық ауытқулары, шикізат бағалары, сауда мен логистикадағы үзілістер және ішкі нарықтағы ұсынысты атап өткен.



