
Танымал ұстаз Нұрлан имамның қызы әкесімен бірге уақыт өткізіп отырған сәтінен видео жариялады. Кадрда Анипа Нұрланқызы әкесімен шахмат ойнап отырғанын көрсеткен.
Имамның қызының қысқа видеосы арқылы жұрттың ықыласына бөленбек болғаны даусыз. Алайда жұрт әке мен баланың сыйластығы емес, басқа жайтқа назар аударған. Нақты айтар болсақ, оқырмандар Нұрлан имамның зәулім үйін сөз етіп жатыр.Олар үйім жоқ деп жүріп бар жағдайын жасап алғанына таңданысын білдірген.
«Үйім жоқ, мешітте тұрамын деп бар жағдайын жасап алыпты», «Ставкасын көтерген сияқты ғой», «Мешітте тұрады деп еді», «Ертегіні жақсы айтады екен», «Әкесінен аумай қалыпты», — деп жазды оқырмандар.
Расында да Нұрлан имам сұқбаттарының бірінде «басымда үйім жоқ, мешітте тұрамын» деген еді.
@anipa372 #рекомендации❤️❤️❤️ #рекомендации #fyp #рекомендации #рекомендации ♬ KYZYM — Baxa


