Саясат
Тренд

Бас прокуратура Эпштейн ісіне қатысты тексеру бастады

25 ақпанда Мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстарын тексеруді сұраған еді.

Сондай-ақ депутат сауалында бұрынғы премьер-министр әрі ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен экс-банкир Қайрат Келімбетовтің аты аталады

Бүгін Ақорда кулуарында Бас прокурор Берік Асылов журналистерге Қазақстанда Джеффри Эпштейнге қатысты жарияланған материалдарға қатысты алдын ала тексеру басталғанын айтты.

«Бұл – маңызды мәселе. Депутат сауал жолдады. Әлем талқылап жатыр. Сондықтан біз құқық қорғау органы ретінде осы деректерді қарап, тексеріп жатырмыз», – деді Бас прокурор.

Журналистер сонымен қатар Эпштейннің Қазақстанға келген-келмегені және оның  Кәрім Мәсімовпен байланысын сұрады. Бұл сауалға да прокурор тексеру жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ жекелеген тұлғалардың шетелге шығуына қатысты деректер де қосымша зерттелмек. Алайда Асылов нақты есімдерді атай қоймады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button