Қоғам

Бейсен Құранбектің «Ұстаз» фильмі жарық көрді

Туындыда жас ұстаздың ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмысқа орналасып, бастан кешкен өмірі баяндалады. Лентада қазіргі ұстаздардың шынайы өмірі, педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.

«Ұстаз» фильмінің идея авторы – Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызы, режиссер Ерлан Ошақбаев. Кейіпкерлердің рөлдерін Жетісу облыстық драма театрының және оқушылар сарайындағы поэтикалық театрдың актерлері сомдады.

Фильм Жетісу телеарнасының қолдауымен өңірде түсірілген. Алдағы уақытта ол еліміздің бас телеарналарынан көрсетілмек.

Ал, фильмінің Астанадағы таныстырылымы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button