«Ас емес, дискотека шоу болды»: Қарақат Әбілдина әкесіне арнап ас беремін деп сынға қалды (ВИДЕО)

«Әкем тірі болса, биыл тоқсанның төріне шығар еді. Тағдырдың жазуымен бақилық болғанына 20 жылдың жүзі болыпты… Әке… Осы бір ауыз сөздің өзінде тұтас бір ғұмыр сыйып кетеді.
«Әке — асқар тау» дейді халық. Жанында жүргенде биігін сезе қоймайсың. Асқар таудың биіктігі алыстаған сайын асқақтай түседі екен. Қазір ортамызда болмаса да, әкеміздің қалдырған өшпес ізі, ісімен көрсеткен тәрбиесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Бүгін әкемізді еске алып, Қыдекең екеуміз ақ дастарханымызды жайып, ауызашар бердік. Ауызашарға келген әр қонағымыз қол жайып, “Әумин!” деді. Алла разы болсын! Оқылған Құранымыз қабыл болсын! Жатқан жеріңіз жарық, жаныңыз жәннатта болсын, Жан Әке!», — деп жазған әнші өзінің instagram парақшасына.
Әншінің әкесіне арнап берген асына Бекболат Тілеухан сынды өнердегі әріптестері мен ағалары барғаны байқалады. Сондай-ақ, асқа Алтынай Жорабаева бастаған әншілер ән айтқан.
Алайда желі қолданушылары еске алу кешінің той сияқты өткенін жазып жатыр. Тіптен түрлі пікір білдіріп, өздерінің реніштерін жазғандар да бар.
«Бұл не сұмдық той емес қой!», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Еске алудан да шоу жасайтын болған ба?, «Ақшасын қайда шашарын білмеген», «Ас бергенде домбырамен өнер көрсететін болған ба?», «Құран қайсы, той қайсы?», «Ас емес, дискотека», «Еске алу концерті», — деген пікірлер жазылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



