Қоғам
Тренд

Батыс Қазақстанда шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып отыр. Бірақ күдікті әлі күнге дейін қамауға алынбаған.

“Уральская неделя” порталының хабарлауынша, кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық оқиғасы 3 қаңтарда болған.

Редакция осыған байланысты Шыңғырлау ауданының полиция бөліміне аранйы сұрау жолдаған.

«Қылмыстық іс Шыңғырлау ауданының полиция бөлімімен ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлаған «Орал» редакциясына.

Сондай-ақ, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе іс бойынша тергеу іс-қимылдарының кешенін жүргізгеннен кейін шешілетін болады», — деп жауап берді полиция неліктен күдікті әлі қамауға алынбаған сұраққа.

Полицияға арыз жазылғаннан кейін ғана күдікті ұсталған. Жәбірленушінің әкесі 3 қаңтар күні 57 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне кіргізіп, зорлағанын айтты.

«Ол істегенін мойындады, қызы оны анықтады. Бірақ полиция оны үйіне жіберді. Ал телефоныма одан қауіп төне бастады», — деді зардап шеккен қыздың әкесі.

Оның айтуынша, Шыңғырлау АІІБ полициясы оны тергеуге құлықсыздықпен іс жүргізуде. «Біз қарапайым адамдармыз, тіпті жақында азын-шоғын ақша жинап адвокат жалдадық. Біз күдіктіге оның мүмкіндіктерімен қалай қарсы тұра аламыз? Мен іс жабылады деп қорқамын», — дейді жәбірленушінің әкесі.

Шыңғырлау ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі іс бойынша тергеу әрекеттері толық жүргізілгеннен кейін шешіледі.

tiek.kz

Back to top button