Спорт

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға бокстан шеттелді

World Boxing Organization (WBO) допинг дауына іліккен қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты  ресми шешім шығарғаны белгілі болды.

Жәнібек Әлімханұлы бір жылға, яғни 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді.

Енді ол 2026 жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралып, уақытша чемпиондық белбеу иесімен жекпе-жек өткізуі тиіс.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылы желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуға тиіс болған.
Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.

Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ “B” сынамасында да ағзасында допинг бар екені расталды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button