Саясат

Тоқаевтың сөзін жоққа шығарған Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен қуылды

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен кетті.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін Шолпанқұлов қазақстандық банктерден транзакцияланған 7 трлн теңге туралы пікір білдіріп, Тоқаевтың сөзін жоққа шығарған еді.

Ол Тоқаевтың сөзінен кейін қазақстандық банктерде тексеру жүргізіліп жатқанын, бірақ ірі құқықбұзушылық байқалмағанын айтқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button