Қоғам

37 градус аяз келе жатыр

Ресейдің еуропалық бөлігінен суық антициклон келе жатыр.

Синоптиктер ауа-райына қатысты ескерту жасады. Ел аумағына циклон келе жатыр. Осының салдарынан Қазақстанның басым аумағында алдағы күндері ауа райы күрт суытады. Ақтүтек боран мен сақылдаған сары аяз болады, деп хабарлайды tiek.kz

Қазгидрометтің дерегінше, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде ақтүтек боран соғады. Жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Циклонның ізін ала Ресейдің еуропалық бөлігінен суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен алдымен батыста күн ашылып, артынша ауа температурасы бірден төмендей бастайды.

Батыста түнгі температура 10-22 градусқа дейін суытса, солтүстікте 17-25 градус аяз болады. Оңтүстікте де күн салқындап, 0-8 градусқа дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, ал 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда аяз күрт күшейіп, түнгі температура -25 пен -37 градус аралығына дейін төмендеуі мүмкін.

tiek.kz

Back to top button