Қоғам

Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген бизнес орталығы аукционға қойылды

Алматы қаласындағы ірі коммерциялық нысандардың бірі – Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы сатылымға шығарылды

Бұрын бұл ғимарат Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. Қазір нысанды «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС саудаға қойып отыр.

Аукцион туралы хабарландыру Мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланған. Құжатта бизнес орталықтың бастапқы бағасы 61,5 млрд теңге деп белгіленген. Саудаға қатысу үшін төленетін кепілдік жарнасы – 9,23 млрд теңге.

Өтінім қабылдау мерзімі

Порталдағы мәліметке сәйкес, аукционға қатысуға өтінім беру 2026 жылдың 7 сәуірі, сағат 09:55-ке дейін жалғасады. Сауда электронды форматта өтеді.

Ғимарат туралы деректер

Хабарландыруда нысанға қатысты мынадай мәліметтер көрсетілген:

  • орналасқан жері – Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі;

  • қабат саны – 9 қабат;

  • жалпы ауданы – 63 920 шаршы метр;

  • қазіргі уақытта ғимаратты 53 жалға алушы әртүрлі мерзімге пайдаланып отыр.

Мамандардың бағалауынша, бұл нысан қаланың орталық іскерлік аймағында орналасқандықтан, коммерциялық тартымдылығы жоғары.

Еске салсақ

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұған дейін де оның бақылауындағы бірқатар кәсіпорын мен мүлік бюджетке өткізілгені хабарланған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button