12 елдің өнерпазын біріктірген мегажоба шешуші кезеңге өтті

Астанада Азиядағы алғашқы ірі вокалдық тележоба Silk Way Star жобасының жартылай финалы аяқталды. 12 елдің талантты орындаушылары қатысып, әлем бойынша 1 млрд-тан астам көрермен жиналған музыкалық шоу енді финалға қадам басты. Бұл туралы Jibek Joly арнасы хабарлады.

Финалға жолдама алған 7 үздік әнші:

ЕлФиналист
ҚазақстанALEM
МалайзияЯзмин Азиз
ГрузияАвтандил Абесламидзе
МоңғолияМишель Джозеф
ҚытайЧжан Хэ Сюань
АрменияСаро Геворгян
ӨзбекстанМадинабону Әділова

Жартылай финал кезеңінде әртістер 6ELUChhi, A.Z., Маржан Арапбаева, Mona Songz сынды қазақстандық хедлайнерлермен дуэт орындап, жаңа стильде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.


Жоба қай елдерді қамтыды?

Silk Way Star — Орталық Азия кеңістігінде алғаш рет мұншалық ауқымды деңгейде ұйымдастырылған вокалдық мегажоба. Қатысушы елдер:

Әзербайжан
Армения
Грузия
Қазақстан
Қытай
Қырғызстан
Малайзия
Моңғолия
Тәжікстан
Түрікменстан
Өзбекстан
Оңтүстік Корея

Шоудың эпизодтары 6 мемлекеттің ұлттық телеарналарында көрсетіліп келеді. Қазақстанда жоба:

Jibek Joly — әр сенбі 20:00
Silk Way International — 22:30


Финал қашан?

22 қараша, сағат 20:00
Jibek Joly телеарнасында тікелей эфир
Трансляция: Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия

Жеңімпаз аралас дауыс беру жүйесімен анықталады:

50% — халықаралық қазылар шешімі
50% — онлайн дауыс беру

Көрермендер silkwaystar.org осы сілтемеге өту арқылы дауыс бере алады


Жобаны кім ұйымдастырады?

Silk Way Star — Қазақстан Республикасы Президенті Телерадио кешені мен China Media Group (CMG) арасындағы мәдени медиасеріктестік негізінде жүзеге асырылып келеді.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―