Қазіргі білім беру жүйесі үнемі жаңарып, жаңа технологиялармен толықтырылып
келеді. Оқушының да, мұғалімнің де цифрлы дағдылары күннен-күнге дамуы тиіс. Соңғы
жылдары мен өз тәжірибемде бірнеше онлайн платформаларды қолдандым. Соның ішінде
TopIQ – ең тиімді әрі мазмұнды құралдардың бірі екенін дәлелдеді.
Бұл платформада оқу бағдарламасына сай мәтіндер, бейнематериалдар,
интерактивті тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар жинақталған.
Мұғалім үшін бұл – дайын әдістемелік көмек, ал оқушы үшін – қолжетімді әрі ыңғайлы
білім көзі.
TopIQ қолданған сәттен бастап менің сабағым құрылымды, уақыт жағынан тиімді
бола түсті. Мысалы, 6-сыныпта қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу барысында
оқушылар нақтылау сұрақтарына жауап беріп, бірден кері байланыс алып, өзін-өзі
бағалауға дағдыланды. Сонымен қатар, дифференциация жасау да оңайланды.
Платформа ішіндегі ерекше құралдың бірі – TopIQ Көмек деп аталатын AI-
кеңесші. Бұл жүйе оқушыларға тапсырма мазмұнын түсіндіруге, сұрақтарға бағыт беруге
көмектеседі. Ал мұғалімдерге сабақ мазмұнын құру, бағалау критерийлерін нақтылау,
сұрақ дайындау сияқты жұмыстарда кеңес береді. Бұл – өз бетімен ізденуге, оқушы мен
мұғалімнің уақытын үнемдеуге арналған тиімді цифрлық құрал.
Мен жазғы демалыс кезінде де осы платформаны қолданамын. Жаңа оқу жылына
дайындық барысында бөлім мазмұнын шолып, келесі оқу мақсаттарына сай тапсырмалар
жинақтап жүрмін. Сонымен қатар, оқушыларым да жазғы тапсырмаларды TopIQ арқылы
орындай алады. Платформада оқу мен демалысты тең ұстауға мүмкіндік бар.
Бүгінгі мұғалімге тек білікті болу аздық етеді. Ақпаратты дұрыс қолдана алу,
технологиямен жұмыс істей білу – басты талап. Осы тұрғыда TopIQ – менің саналы
таңдауым. Бұл – жай ғана электронды оқулық емес, бұл – мұғалім мен оқушы арасындағы
заманауи көпір.
Жаңа ғасырдың баласына – жаңа форматтағы білім керек. Ал мұғалімге – сенімді,
тиімді әрі мазмұнды платформа қажет. Сол жолда TopIQ – менің таңдауым!
Амантаева Айзада Амангелдіқызы
Қостанай облысы Амангелді ауданы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі