Бүгінгі таңда спортпен кәсіби түрде айналысатын оқушылар үшін басты мәселенің бірі – уақытты тиімді басқару. Сабақ пен жаттығуды қатар алып жүру оңай шаруа емес. Алайда бұл мәселені шешуге көмектесетін тиімді құралдар бар. Солардың бірі – TopIQ білім беру платформасы.
Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Есдәуір Абаев – бокстан жетістікке жетуді мақсат еткен үлгілі оқушылардың бірі. Ол аптасына бірнеше рет жаттығуға қатысады, жарыстарға шығады. Бірақ сонымен қатар үлгерімі мен білім сапасына да ерекше мән береді.

«Жаттығудан кеш келсем де, планшетімді ашып, TopIQ-қа кіріп, тапсырмаларды тез әрі сапалы орындауға тырысамын», – дейді Есдәуір.
Оның айтуынша, TopIQ платформасы сабақта да, үйде де оқу үшін өте ыңғайлы. Платформада қазақ тілі, әдебиет, математика, жаратылыстану сияқты пәндер бойынша бейнематериалдар, мәтіндер мен тапсырмалар жүйелі түрде топтастырылған. Қате кеткен тұстар бірден көрсетіліп, оқушыны дұрыс жауапқа бағыттайды.
«Көмек қажет болғанда, TopIQ Көмек атты ақылды көмекшіні пайдаланамын. Ол маған тапсырманың мазмұнын түсіндіріп, дұрыс бағыт береді», – дейді ол.
Есдәуір жазғы демалыс кезінде де оқуын үзбей, мұғалімдері жіберген тапсырмаларды TopIQ арқылы орындап келеді. Бұл оның оқу мен спортты қатар алып жүруге көмектесіп отыр.
«Спорт пен білім – менің қос бағытым, ал TopIQ – сол жолдағы шамшырағым», – деп қорытындылайды ол.
TopIQ – заманауи оқушы үшін білім мен уақытты басқарудың тиімді шешімі.