Астанада Shell LiveWIRE конференциясы өтті: 50-ден астам кәсіпкер тәжірибелі мамандардан білім алды

Қазақстанда заманауи бизнестің дамуына идея ғана емес, оны жүзеге асыратын нақты құралдар қажет. Дәл осындай бағыттағы Shell LiveWIRE бизнес-конференциясы Астанада өтті. Іс-шараны Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Shell компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Астанада Shell LiveWIRE конференциясы өтті: 50-ден астам кәсіпкер тәжірибелі мамандардан білім алды
Фото: tiek.kz

Конференция аясында еліміздің әр аймағынан келген 50-ден астам шағын және орта бизнес иелері тәжірибелі сарапшылардан бір күндік шоғырланған білім алды. Қатысушылар бизнес ауқымын кеңейту, мықты бренд қалыптастыру және командамен тиімді жұмыс істеу жолдарын үйренді.

«Қазақстанның батыс өңірлерінде шағын және орта бизнесті қолдау – тұрақты және инклюзивті экономика құру жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігі. ЕҚДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын Shell LiveWIRE бағдарламасы арқылы біз кәсіпкерлерге негізгі дағдыларын дамытуға, инновацияларды енгізуге және үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайларына бейімделуге көмектесеміз»,
– деді Shell Қазақстан компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Айгүл Барменқұлова.

Shell LiveWIRE – Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған платформа

Shell LiveWIRE – бұл қаржылық емес қолдау тетіктері арқылы кәсіпкерлерді қолдайтын жаһандық бағдарлама. Қазақстанда ол 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бағдарлама мақсаттарының бірі – экономиканы әртараптандыру және бизнес жүргізу ортасын тұрақты ету.

Конференция барысында қатысушылар:

  • бизнес ауқымын кеңейтудің нақты құралдарын,
  • стратегиялық бренд-менеджмент негіздерін,
  • X, Y және Z ұрпақтарымен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгерді.

Биылғы жылы ғана Shell LiveWIRE бизнес-акселерация бағдарламасынан 122 кәсіпкер өтті. Олар 23 ментордан жеке кеңес алып, кәсіби біліммен қаруланды.

«Іс-шараның ең басты құндылығы – нақты қолдауда. Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратын шағын және орта бизнес иелері нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, жаңа деңгейге шығудың жолдарын талқылады»,
– деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Shell және ЕҚДБ – кәсіпкерлікті жүйелі дамыту жолында

Shell – әлемнің 20-дан астам елінде жұмыс істейтін жаһандық энергетикалық және мұнайхимиялық компаниялар тобы. Қазақстанда компания Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі жобалар мен Қарашығанақ кен орнында ірі инвестор болып табылады. Ал ЕҚДБ 2001 жылдан бері Қазақстандағы шағын және орта бизнеске консультациялық қолдау көрсетіп келеді.

Shell мен ЕҚДБ арасындағы әріптестіктің басты мақсаты – өңір экономикасын әртараптандыру, мұнай-газ секторынан тәуелділікті азайту және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―