Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы

Зәулім үйлердің тасасында қалған жалғыз баспана.
Көпқабатты үйлермен қоршалған ескі үй қала картасында кездейсоқтық сияқты. Бірақ бұл – бір әулеттің жарты ғасырлық тарихы.

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото:: tiek.kz

Мұнда қазір Ян Павлов тұрады

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото:: tiek.kz

«Міне, менің үйім. Адамдар тығыз қоныстанған көпқабатты үйлердің ортасында жалғыз қалып қойдым», – дейді Ян

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Жаңа көпқабатты үйлер салынған сайын төңіректегі судың бәрі осы аулаға ағып, тышқан біткен Павловтар баспанасын мекен еткен. Олар іргетастың астын қазып, қазір үй шөге бастапты

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Кей жерде кісі қолы сыйатындай жарықшақ пайда болған

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Проблема мұнымен бітпейді. Зәулім нысандардың ортасында қалғандықтан, жел ұйытқи соғып, мұржадан шығатын түтінді үйге үрлеп әуре-сарсаңға салады екен. Үй иесі мұржаны қолдан келгенше ұзартып, жан бағып отыр

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Көңілге жұбаныш болатын бір ғана нәрсе — аулаға егілген гүлдердің жылдағыдан ерекше болып жайнап өсуі. Ян Павлов «Биыл табиғат мені қуантқысы келгендей. Қызыл пион бұрын ешқашан шықпаған еді» — дейді.

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Сыртынан қарағанда кісі қызығарлық түгі жоқ баспана сияқты көрінгенімен үйдің іші кішігірім музей іспетті. Мұнда ұлттық валютаның алғашқы нұсқалары да бар

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Қылқалам шеберлерінің туындылары да осында

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Күйсандықтан әуен тыңдағыңыз келе ме? Ол да бар

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Ал бұл — осы үйдің тарихы. 20 жыл бұрын баспананы сүру туралы шешім шығып, бүтін бір әулеттің өмірі астаң-кестең болды

«Әкімдіктен бір қызметкер келіп, «үйіңізді алып қоямыз» деді. Бұл сөзді ашық тұрған терезе арқылы әжем естіп, содан инсульт алды. Көп ұзамай екінші инсульт та болды. Ақыры, 2005 жылы әжемізден айырылып қалдық. Тағы бір жағымсыз жағдай — жерлеу рәсімі мен сот отырысы бір күнде болды. Атам хат арқылы сотты бір-екі күнге шегеруді сұрады. Жаназаны өткізіп, сосын сотқа қатысу үшін. Бірақ өтініші қабылданбады. Сөйтіп, таңертең ол әжемді жерледі, ал түсте сотта болды. Сол кезде сот үйді сүру туралы шешім шығарды» — деп еске алады Ян Павлов

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Ол сот шешімін жоққа шығарып, заңсыз екенін дәлелдеу оңай болған жоқ.

«Иә, ақыры бірнеше жыл бойы соттастық. «Лайықты тұрғын үй құқығы» қозғалысының араласуының арқасында біз осы жер телімінің құжаттарын қайтарып алдық. Соның нәтижесінде үй әлі күнге дейін тұр. Олар адвокат іздеуге көмектесті, жалпы бұл тәркілеудің заңсыз екенін жария етуге барынша қолдау көрсетті. Үйді сүруге қарсы күресте заңдық тұрғыдан толық сүйемелдеп отырды» — дейді жас Павлов

Фоторепортаж: Бір үйдің тағдыры – бүтін бір дәуірдің жаңғырығы
Фото: tiek.kz

Бұл әулет мүшелері әр адамның мүлкі әділ бағаланса дейді. Егер сүрілмейтін болып, тұруға рұқсат берсе оған да қарсы емес. Ян Павлов бұл үйді қала тарихынан сыр шертетін айрықша нысандардың біріне айналды деп отыр. Сол себепті жаңа баспана салған күннің өзінде 60 жыл бұрын атасы өз қолымен тұрғызған мына көк үйді елорда қонақтары келетін нысанның бірі ретінде сақтап қалмақшы.

Баспана сатып алу, жалға алуға байланысты сұрақ болса, сіз де Құқықтық клиникаға хабарласып, кеңес ала аласыз

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―