Таразда мәслихат депутатын ұрып кетті

Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев соққыға жығылды, деп хабарлады tiek.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Байғазиев бет сүйектерінің сынықтарымен ауруханаға түскен. 

Оқиға Тараз қаласының «Гибрат» кафесінде кеше кешкісін болған, ол Жамбыл облысы полиция департаментінің маңында орналасқан. Оқиғаның мән-жайы әлі нақты айтылмай отыр. Құқық қорғау органдары мен медициналық қызметкерлер ресми ақпарат берген жоқ.

taraznews.kz мәліметінше, депутат әрі заңгер Таразға жұмыс сапарымен келген. Онда  клиенттерімен кездесу өткізген. Осы уақытта оған шабуыл жасалғаны белгілі. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз адам кастетпен соққы жасаған.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―