«Ер шекіспей бекіспейді» немесе «кәмелеттік жасқа толғанша баламызға жауаптымыз». Депутаттар мектептегі әлімжеттік туралы қандай пікірде? (Видео)

Осы аптада Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған жағдай қоғамда қызу талқыға түсті. Білім ордасының әжетханасында балаларды қаз-қатар тізіп қойып ұрып жатқан видео таралды. Әлеуметтік желі қолданушылары бірден іліп әкетіп, «жазалансын» деген мәтінде пікір жаза бастады. Бұдан бұрын Абай облысында осыған ұқсас жағдай болып, ата-ана құқынан айыру мәселесі де көтерілген болатын. Жалпы бұл мәселе неге тоқтамай тұр? Қалай шешеміз? Tiek.kz ұжымы депутаттардың пікірін білген еді.

Мәжілісмен Ардақ Назаровтың пікірінше бұл елде болып жатқан мыңдаған ұрып-соғудың бірі ғана. Оның өзінде видеоға түсіп, жарияланып кеткен соң ғана белгілі болып отыр. Сөйте тұра, депутат балабақшада да, мектепте, университет қабырғасында, әскерде де төбелес болатынын алға тартты.

"Ер шекіспей бекіспейді" немесе "кәмелеттік жасқа толғанша баламызға жауаптымыз". Депутаттар мектептегі әлімжеттік туралы қандай пікірде? (Видео)
Фото: tiek.kz

«Ата-ана құқынан айрылады деп айта алмаймын. «ер шекіспей бекіспейді» деген қазақта сөз бар. бірақ ондай жүгенсіздікке, балаларды тұрғызып қойып әжетхананың ішінде ұруға, біреудің баласын қорлауға, жәбірлеуге, жұдырық жұмсау меніңше дұрыс емес. Ол тәрбиесіздіктің кесірінен» — дейді ардақ назаров

Осы орайда депутат Оқу-ағарту министрлігі қабылдаған «Біртұтас тәрбие» бағытын еске салды. Ардақ Назаров «Рухани жаңғыру» сияқты ұран түрінде кетпеу» керек деп отыр. Осы бағдарлама аясында ұстаздар, діни басқарма өкілдері мен психологтарды біріктіріп жұмыс істеу керек деген пікірде. Мәжілісмен ажырасулардың басты себебі де тәрбиесіздіктен деп есептейді. «Ұлт ретінде ел болашағын ойласақ бәріміз осы мәселеге байланысты әр адамда уайым болуы» тиіс дейді. Ал, Алматы облысындағы өзге оқушыларды ұрған баланы қатты жазаламау керек деген ұсыныс айтты. Ата-анасы сөгіс алып, баланың өзі кешірім сұрауы тиіс дейді. Өйткені депутат өзінің де осылай таяқ жеп өскенін алға тартады.

«Ер-азамат болған соң төбелес болады. біз де төбелестік. бізді де ұрған, сабағандар болды. әсіресе үлкендерден таяқ жеп өстік қой. бірақ анау айтқандай қорлықпен ұру, тепкілеп деген нәрсе болған жоқ. әрине бір ішіңнен ұрады, басыңнан ұрады деген сияқты. ондай болды. бірақ дей тұрғанмен де солай өстік. ер-азамат болғандықтан оған кешіріммен қарау керек. мысалы мен өзімнің ұлым төбелесіп келсе, анау айтқандай қоғамдық мәселе көтермеймін. өйткені ол ер-азамат. төбелесу керек, оны көру керек. өйткені ертең шетелге барып оқиды, әскерге барады. елін кім қорғайды? ер-азамат қорғайды. қазақта мақал бар «ер жігіттің мойнында қыл-арқан шірімейді» деген. сондықтан оған кешіріммен қарап, дұрыс шешім қабылдау керек деп ойлаймын» — деп ардақ назаров сөзін түйіндеді

Ал, әріптесі Жұлдыз Сүлейменова бұл — ата-ананың тәрбиесі дейді. Екіншіден, бір ғана директор немесе мұғалімнің емес, толық мектеп ұжымының жауапкершілігі екенін еске салды. Өйткені ондай сотқар баланың бар екенін білмеуі мүмкін емес деген пікірде. Осы орайда депутат сынып жетекшісі тақырыбына тоқталды.

"Ер шекіспей бекіспейді" немесе "кәмелеттік жасқа толғанша баламызға жауаптымыз". Депутаттар мектептегі әлімжеттік туралы қандай пікірде? (Видео)
Фото: tiek.kz

«сынып жетекшілігі деген институт өзін ақтамады. жалпы баланың тәрбиесіне байланысты біз биыл «әскери-патриоттық тәрбие туралы» заң жобасын екінші оқылымға келеді. сол жерде біз алғашқы әскери даярлық, технологиялық дайындықты жүргізетін мұғалімдерге біраз құзыреттіліктер беріп отырмыз. оның ішінде тәрбиеге байланысты беріп отырмыз. сондықтан да бұл мәселені қайта қарастыруымыз қажет деп ойлаймыз. шынымды айтсам, мен ата-ананың жауапкершілігін қайта қарауымыз қажет деп ойлаймын. бізде қасаң түсінік бар ғой «мұғалім, мектеп бәріне жауапты» деп. сонымен қатар сынып жетекшісі мен мектеп директоры емес, мектептің ұжымы, яғни барлық мұғалімдер, оның ішінде ер мұғалімдер барлығын осыған қарастыру қажет деп санаймын» — деп жұлдыз сүлейменова нақты ұсыныс айтты

Сондай-ақ, депутат мектепте еңбек тәрбиесіне қайта көңіл бөлінуі тиіс деген пікірін де ашық айтты. Әлеуметтік желіде жапон мектептеріндегі оқушылардың тазалықты өзі жасайтынын үлгі ететіндердің көп екенін ескеріп, бізге де осыны енгізуге болатынын жасырмады.

Ринат Зайыт «идеологиялық тәрбие болмайынша дым болмайды» деп отыр. Ата-ана құқынан айырып, баланы қамап тастағаннан да ештеңе өзгермейді дейді.

"Ер шекіспей бекіспейді" немесе "кәмелеттік жасқа толғанша баламызға жауаптымыз". Депутаттар мектептегі әлімжеттік туралы қандай пікірде? (Видео)
Фото: tiek.kz

«идеологиялық тәрбие деген не? біз қазір әлеуметтік желіден бастап балалардың не тәлім алып жатқанын, не тәрбие алып жатқанын қадағалауымыз керек және соған балама ойлап табуымыз керек. қай мектепте түсіндірме жұмыстары жүргізілді? жасөспірімдермен жұмыс істейтін инспекторлар өтірік барып қайтуы мүмкін. болды басқа ештеңе жоқ. құдайдың зарын қылдық: мектептің алдына тым болмаса бір полиция пунктін қойыңыздар. атылмай мылтық та он адамды қорқытатын шамасы бар дегендей, ол жерде ешкімді қамамаса да оның тұрғанының өзі оқушыларға, әлімжеттік көрсетемін деген адамға үрей болады. бірде-бір жұмыс жасалып жатқан жоқ» — дейді ринат зайыт

Нартай Аралбайұлы болса, ата-ананың жауапкершілігін қарау керек деп отыр. Алайда, құқықтық ел болғандықтан ата-ана құқынан айыру деген шара соттың шешімімен ғана жүзеге асуы тиіс дейді. Буллингке қарсы, баланың құқын қорғау туралы қаншама заң қабылданса да осындай жағдайлардың болып жатқанын алға тартқан депутат мұны тәлім-тәрбиенің жеткіліксіздігімен түсіндірді.

"Ер шекіспей бекіспейді" немесе "кәмелеттік жасқа толғанша баламызға жауаптымыз". Депутаттар мектептегі әлімжеттік туралы қандай пікірде? (Видео)
Фото: tiek.kz

«бұл жерде балаға да тиісті шара қабылданады, ата-анаға да тиісті шара қабылдау керек. өйткені кәмелет жасқа жеткенге дейін баламыз үшін біз жауапты екенімізді жақсы білуіміз керек. және мен үнемі ұстанамын: бала — ол ата-ананың айнасы. қазақ бекер айтпайды. «ұядан не көрсең ұшқанда соны ілесің» — дейді. сондықтан да бұл жерде ата-ананың жауапкершілігі өте үлкен деп санаймын. тек баланы ғана емес, ата-ананы да тиісті жауапкершілікке тарту керек»- деп нартай сәрсенғалиев өз ойымен бөлісті

2024 жылы Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) бабы бойынша 184 әкімшілік іс қозғалған. Ал биыл 3 айдың өзінде 74 факт тіркеліпті. Оның нешеуі жасөспірімдердің өз арасында жасалғаны белгісіз. Соның өзінде жақсы статистика емес. Жабулы күйінде қалып жатқаны қаншама

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―