Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында суға құлаған 3 азаматтың да қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды tiek.kz.
Құтқарушылар Қаракөл өзенінен марқұмдардың денесін алып шыққан.
Олар: Паль Василий Владимирович 18.09.1980
Бобко Юрий Андреевич 15.09.1978
Каймолдинов Бөкейхан Кабирович 02.10.1967
Еске сала кетсек, 15 сәуірінде 15 -00 шамасында Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшәулі ауылы, Қаракөл өзені, Көк-кәмір учаскесінде 3 жұмысшы аспалы көпірден өтіп жатқанда суға құлап кеткен. Іздестіру шараларына 12 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) жеке құрамы, 18 полиция қызметкерлері, 25 аудандық әкімшілік қызметкерлері, 110 волонтер тартылды.