Тасқын ағызып әкеткен көлік жүргізушісінің мәйіті табылды

Ақмола облысында көлігімен бірге су ағызып әкеткен жүргізуші жолдың жабылуы туралы ескертулерді елемеген, деп хабарлады tiek.kz.

Полицияның мәліметінше, көлікте үш адам болған. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында екі жолаушы құтқарылды. Қазіргі уақытта оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жүргізушінің денесі сағат 02:30-да табылды.

“2025 жылғы 5 сәуірде «Астана-Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 963 – ші шақырымында полиция бекеті қойылғанына және жолдың су басуына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, жүргізуші тыйымды бұзуға шешім қабылдады және жабық учаскені айналып өтуге тырысты. Су басқан учаскені кесіп өту кезінде көлік құралын ағын алып кетіп, су астына батып кетті”, — делінген Ақмола облыстық ПД хабарламасында.

Полиция мен ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және қозғалыс шектеулері енгізілген кезде автожолдардың су тасқыны қауіпті учаскелерін кесіп өтпеуге шақырады.

Көлікті су ағызып әкеткен видеосы мына ақпаратта

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―