Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік суға ағып кетті. 1 адам іздестіріліп жатыр (видео)

Куәгерлер түсірген видеода көліктің суға ағып бара жатқаны көрінеді. Аққан көлікте 3 адам болыпты. Екеуі құтқарылған. Біреуін іздеу жүріп жатыр. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Tiek.kz сауалына осындай жауап берді. Құтқарушыларға қоңырау 20.15 түскен. Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысының және Астана қаласының құтқарушылары жұмылдырылған. 

Айта кетерлігі, осындай қауіпті аумақтарда көлік қозғалысына ІІМ қызметкерлері жауапты.

Аман-есен табылса деп тілейміз

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―