Қытайда қатерлі ісікке қарсы вирус жасалды

Қытай ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын иммундық жүйеге «шошқа жасушалары» ретінде таныстыратын вирус ойлап тапты, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл организмнің қатерлі ісікпен белсенді күресуіне көмектеседі.

 Вирус арнайы геннің көмегімен ісік жасушаларын бөгде ағза ретінде таныстырады. Нәтижесінде иммундық жүйе оларды бірден жойып жібереді.

 Клиникалық сынақтарда 23 науқас қатысып, олардың 90%-ында ісік өсуі тоқтады. Бір пациент толықтай сауығып кетті.

 Вирус көктамыр арқылы енгізіледі, сау жасушаларға зиян келтірмейді және ауыр жанама әсерлері жоқ.

 Ғалымдар зерттеуді жалғастыруда. Егер бәрі сәтті өтсе, бұл әдіс қатерлі ісікпен күресте революция болуы мүмкін.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―