Бүгін күтпеген жерден ұялы телефондарда дабыл белгісі қосылып, ел тіксініп қалған еді. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мұны MasAlert жүйесін және оған ТЖМ-нің ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті, — деп жазады Tiek.kz.
«Бұл пилоттық тест ғана, және ол mass alert жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Біз әдетте алдын ала жоспарлар туралы хабардар етеміз, бірақ бұл тексеру туралы ақпарат берілуі қажет болған жоқ», — деп түсіндірді ТЖМ өкілдері.
Министрлік, сондай-ақ, MasAlert платформасының техникалық тексерісі мен сынақтарын өз бақылауына алмайтынын, оны басқару және техникалық қызмет көрсету жұмыстары ТЖМ міндетіне жатпайтынын нақтылады.
«Төтенше жағдайлар министрлігі MasAlert жүйесінің жұмысын тексеру бойынша ешқандай шаралар қабылдаған жоқ. Бұл жүйені тексеру жұмыстары ТЖМ тарапынан басталған жоқ, әрі министрлік бұл жүйенің қызметіне жауапты емес», — деді ТЖМ баспасөз қызметі.
Елді елең еткізген мәселе бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де хабарлама таратты
«Бүгін Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары смартфондарында Ұлттық хабарламаның жұмыс істегенін байқады.
Қазіргі уақытта Астана қаласын төтенше жағдайлар кезінде халыққа жаппай хабарламалар жіберу жүйесіне, Cell Broadcast технологиясы арқылы қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл хабарлама тексеру режимінде жіберілді.
Бұған алаңдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз«, — делінген хабарламада.