Нығматулинге қандай айыптар тағылғаны белгілі болды

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге қандай айыптар тағылып отырғаны белгілі болды.

Бас прокуратураның мәліметінше,  А.Нығматулинге Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Қазіргі таңда осы іс бойынша бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

«Алдын ала тергеу аясында А.Нығматулин күдікті деп танылып, сот санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланды», деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Тергеу кезеңінде басқа мәліметтер жарияланбайды.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―