Трамп пен вице-президенті Зеленскиймен тартысты

АҚШ президенті Дональд Трамп, оның серіктесі, вице-президент Джей Ди Вэнс және Украина президенті Владимир Зеленский арасында Ақ үйде өткір пікірталас болды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Вэнс Зеленскийді «құрметсіздік» танытты деп айыптап, Трамп украиналық көшбасшыны «Үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтануын ескермей отыр» деп мәлімдеді.

«Сіз бұны құрмет деп санайсыз ба?»

Журналистердің айтуынша, пікірталас Вэнстің өткір сұрағынан басталған:

«Сіз Америка Құрама Штаттарының Доғал кабинетіне келіп, сіздің еліңізді құтқаруға тырысып жатқан әкімшілікке қарсы шығуын құрмет таныту деп санайсыз ба?»

Трамп Зеленскийдің жағдайын әлсіз деп сипаттап:

«Қазір сіздің позицияңыз мәз емес. Қолыңызда мықты карталар жоқ. Бізбен болсаңыз, жағдай өзгерер еді… Бірақ сіз миллиондаған адамдардың өмірін бәске тігіп отырсыз! Сіз Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін төндіріп отырсыз!» – деп мәлімдеді.

«Телеарналар үшін тамаша шоу болады»

Кездесудің ашық бөлігінде Трамп Зеленскийді «жақсылықты бағалай алмайды» деп түйреп өтті. Ол тіпті:

«Бұл телеарналар үшін тамаша шоу болады» – деп қосып өтті.

«Адамдарыңыз аз»

Журналистер атап өткендей, Вэнс Украинадағы ұрыс алаңында кадр тапшылығына назар аударды:

«Сізде адамдар жетіспейді, ер азаматтар аз», – деді ол.

Зеленский оған: «Келіп, өз көзіңізбен көріңіз» – деп жауап берді.

«Сізде карталар жоқ»

Трамп Зеленскийдің келісімге келуі керектігін алға тартып:

«Сіз алғыс айтуыңыз керек. Өйткені сіздің қолыңызда карталар жоқ, әскери ресурстарыңыз таусылып келеді» – деді.

Бұған Зеленский: «Мен мұнда карта ойнауға келген жоқпын» – деп жауап берді.

Бұл кездесудің нәтижесі қандай болатыны белгісіз, бірақ тараптар арасындағы шиеленістің айтарлықтай күшейгені анық.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―