Үкімет атом электр станциясын салатын жерді белгіледі

Елімізде алғашқы атом электр станциясының нақты қайда салынатыны белгілі болды.

Үкіметтің шешіміне сәйкес, алғашқы АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынбақ.

«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», — делінген Үкімет қаулысында. Құжат ресми түрде бүгін яғни 25 ақпанда күшіне енеді.

Елімізде АЭС салу туралы шешім 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған еді. 

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―