«жоюдың» жолын тапты
Жапондық ғалымдар Даун синдромындағы артық хромосоманы «жоюдың» жолын тапты
Mie University Graduate School of Medicine (Жапония) ғалымдары Даун синдромын емдеуге қадам жасап, CRISPR-Cas9 технологиясы арқылы артық 21-ші хромосоманы жою мүмкіндігін алғаш рет көрсетті. Бұл әдіс болашақ генетикалық терапияның негізі бола алады, деп хабарлайды PNAS Nexus.
Даун синдромы адам жасушаларында 21-ші хромосоманың үшінші көшірмесінің болуына байланысты дамиды. Осыған дейін бұл ауруды емдеу симптоматикалық қолдаумен шектелді, енді Ретаро Хашизуме бастаған зерттеушілер жаңа тәсілді ұсынды.
Оған сәйкес ғалымдар бірінші кезекте басқа гендерге айтарлықтай зиян келтірместен жасушалардан артық хромосоманы алып тастап, жасушаларды қайта қалыпына келтірмек.