Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған жаңа Telegram ботын іске қосқанын хабарлады.
Боттың мүмкіндіктері:
- Пайдаланушылардың діни сұрақтарына жауап беру.
- Шариғат мәселелері бойынша ақпарат беру және кеңес ұсыну.
- Рамазан айының ораза кестесін жүктеу мүмкіндігі.
Telegram ботты ҚМДБ-ның Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырды. Оның айтуынша, бұл бот Рамазан айында мұсылмандарға қолдау көрсету және қажетті ақпаратты жылдам ұсыну үшін арнайы әзірленген.
Telegram ботқа https://t.me/muftyatbot сілтемесі арқылы қосылуға болады.