Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды, деп хабарлайды Tiek.kz
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау жынысы опырылып түскен.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы жеті жұмыскерінің денесін тапты.
Олардың жеке басының ақпараты анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
«Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп жазылған ТЖМ хабарламасында.