Астанадағы құлағалы тұрған Мұңайтпасов стадионы 17 млрд теңгеге жөнделетін болды

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион 17 млрд теңгеге жөнделетін болды.  Қаржы жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен алынбақ, деп хабарлайды Tiek.kz. 

Қаржы министрлгінің сайтында жарияланды.

Астанадағы құлағалы тұрған Мұңайтпасов стадионы 17 млрд теңгеге жөнделетін болды

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, 14 мекенжайында Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион салу – 17 326 634 000», — деп жазылған құжатта.

Құрылыс алаңы 15 мың м2-ден асады. Болашақ стадионның ғимараты үш қабатты болады, сыйымдылығы 3600 адамға арналған. 

Бұған дейін осы жобаға 15 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетіні хабарланған. 

Тендерді BiGlobal компаниясы жеңіп алған. 

«Тапсырыс беруші – «Астана қалалық құрылыс басқармасы» МБ; сипаттамасы – Астана қаласы «Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 14-те Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысы; жоспарланған қаражат – Т15 228 082 539,89», — деп көрсетілген еді мемлекет сауда сайтындағы лот сипаттамасында.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―