Астанада темір жол вокзалында алапат жарылыс болды

Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды.

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген.

Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

 — 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды. Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады. Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды. 

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―