Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды деген хабар тарады.
Ақпаратта елордалық полицейлер Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырғаны айтылады. Себебі, Бабақұмаров мас күйінде көлік жүргізген.
Бұл ақпаратты Астана полиция департаменті растады.
«29 қаңтарда түнгі сағат 3-те полиция оны Астанадағы Төлебаев көшесінде Toyota Land Cruiser Prado-ны тоқтатты. Тексеру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ержан Бабақұмаровты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігін «көлік құралын мас күйінде жүргізушіні басқару»бұзғаны үшін кінәлі деп таныды», — делінген хабарламада.
Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Одан кейін 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.
Бабақұмаров сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі, Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарған.