Армения Парламенті ЕуроОдаққа кіру туралы заң жобасын мақұлдады
Құжат бірінші оқылымда бірден қабылданды. Еуроодаққа кіруді 63 депутат қолдады. Тек 7 адам ғана қарсыдауыс берді. Бұл бастаманы алғаш болып «Демократиялық күштер алаңы» азаматтық
қозғалысы көтерген. Заң жобасын әзірлеу үшін халық қалаулылары 2 айда 60 мыңқол жинаған. Ұсынысты ел Үкіметі де
қолдап отыр. Алайда, соңғы шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.2024 жылдың қыркүйегінде Армения мен Еуроодақ ресми түрде визаны
либерализациялау туралы келіссөздерді бастады. Еурокомиссия өкілдері екіарадағы визалық режимді жою тарихи оқиға деп бағалаған болатын.