Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялағаны туралы ақпарат тарады.

«Мен аштық жарияладым, өйткені өзімді о бастан кінәсіз деп санаймын», — деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында.

Мұхамедиұлы сондай-ақ құзырлы органдар тарапына ашық хат жолдағанын айтады. Президент Әкімшілігіне жолдаған хатында өз ісін қайта қарауды сұраған. Сондай-ақ, өзінің жазықсыз отырғанын айтады.

Алайда, Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ресми хабарламада аштық жариялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны аталған.

«Ол тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен сотталушы ұялы телефон қолдана алмайды. Бұл ретте оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―