АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшылардың әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салды.
Трамптың айтуынша, бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдер үшін ғана болмақ. Сонымен қатар, жарлыққа сәйкес, АҚШ-та трансгендер спортшыларға виза беруге тыйым салынбақ.
Жарлық мектеп, университеттегі сайыстарда және әуесқой жарыстарда күшіне енеді. Ал халықаралық Олимпиада комитетінен трансгендер спортшыларға қатысты ережелерді 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасы басталғанға дейін өзгертілмек.
«Соңғы жылдары көптеген білім беру мекемелері мен спорттық бірлестіктер ерлерге әйелдер спортында бәсекеге түсуге мүмкіндік берді. Бұл қыз-келіншектер үшін әділетсіз және қауіпті. Сонымен қатар бұл олардың бәсекеге қабілетті спорт түрлеріне қатысуына және өсуіне мүмкіндік бермейді», — делінген жарлықта.