Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізетін болды

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті жекпе-жегі Астанада өтетін болды, деп хабарлайды tiek.kz

Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлының міндеті қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) болмақ.

Екеуі де чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

«Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―