Ақтауда құлаған Азербайжан ұшағын Ресейдің «Панцирь-С» зымыраны атып түсірген

Ақтауда құлаған Азербайжан ұшағын Ресейдің «Панцирь-С» зымыраны атып түсірген, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл мәліметті Азербайджан билігі растады. Бакуде бұл зымыранның бір фрагменті бар. Ол 25 желтоқсанда Ақтауда құлаған ұшақтан алынған.

Бұл туралы Reuters агенттігі Азербайджан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. Ал алдын ала тергеу қорытындысында, фюзеляжындағы зақымдар сыртқы объектілердің ұшаққа енгенін айғақтайды деп көрсетілген. Бірақ онда «Панцирь-С» зениттік зымыран кешендері немесе басқа да зымырандар туралы мәліметтер жоқ.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―