Лос-Анджелесте тұрып жатқан отандасымыз Айдана Байтұрсынова желіде таралып жатқан ақпаратқа байланысты өз пікірін жазды. Ол жаңалыққа желеу болған жазуды фотоға және видеоға түсіріп, Tiek.kz редакциясына жіберді. Айтуынша, Голливуд жазуы өртенбеген. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды екен.
Жалпы Лос-Анджелестегі өрт кезінде он мыңдаған адам эвакуацияланып, қаладағы бірқатар нысанның жұмысы тоқтап тұр. Қаланың көшелері жабық екен.