Өкінішке қарай бұл бірінші рет болып отырған апаттық оқиға емес — АҚШ сарапшысы Әзірбайжан ұшағын әскерилердің атып түсіруі туралы

0
24
Марк Ф. Кансиан

АҚШ-тағы CSIS Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы Қорғаныс және қауіпсіздік бөлімінің аға кеңесшісі Марк Ф. Кансиан Tiek.kz сауалына жауап берді. Ақтау іргесінде құлаған Әзірбайжан ұшағы бойынша сарапшы ретінде пікірін айтты

Тиек: Егер ұшақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыранымен атып түсірілсе, енді авиакомпаниялардың Ресейге ұшуы қауіпсіз бе? Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің әрекет ету ауқымы қандай?

М.Кансиан: Не десек те Ресей мен Кеңес Одағында бұрын да әуе қорғаныс жүйесі күшті болған. Ол барлық ірі қалаларды қамтиды, оның ішінде әсіресе батысында украиндық әуе шабуылдарының нәтижесінде одан әрі күшейтілді. Азаматтық ұшақтың одан құтылуы мүмкін емес. Бұл мәселе ресейліктердің жауаптырақ әрекет етуі негізінде шешілуі керек еді. Өкінішке орай, бұл жағдай бірінші рет болған апаттық оқиға емес. Кеңес Одағы, Израиль, Америка Құрама Штаттары және Иран бұрын да  азаматтық әуе лайнерлерін атып түсіріп, оларды дұшпандық ұшақтар деп шатастырған еді.

Тиек: Кейбір ақпарат құралдары әу баста Украина қарулы күштерін кінәлады. Олар ұшаққа дрон соғылуы мүмкін деген болжам айтады. Апатқа ұшырған әуе кемесінің бүлінген жерлері зымыран соққысына немесе дронның шабуылына ұқсай ма?

М.Кансиан: Шабуыл ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуылына қарағанда зымыранның соққысына көбірек ұқсайды. Жолаушылар жарылыс туралы айтып жатыр, ал ұшақтың фюзеляжында фрагменттік жарықшалар (саңылаулар) бар. Мен мұндай зақым келтіретін дронды білмеймін.

Өкінішке қарай бұл бірінші рет болып отырған апаттық оқиға емес - АҚШ сарапшысы Әзірбайжан ұшағын әскерилердің атып түсіруі туралы
Фото: AnewZ

Тиек: Әскери радарлар азаматтық және әскери ұшақтарды ажырата ала ма?

М.Кансиан: Әскери және азаматтық ұшақтардың барлығында олардың кім екенін және басқа ақпаратты тарататын транспондерлері бар. Әуе диспетчерлері азаматтық ұшақтарды осылай басқарады. Ресейліктер бұл ұшақтың азаматтық екенін анықтауы тиіс еді

Тиек: Жауабыңызға рақмет