AnewZ телеарнасы Ақтау іргесінде апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының эксклюзив фотоларын жариялаған. Әуе кемесінің ішкі жағынан түсірілген суреттеріне қарағанда фюзеляждың сыртқы салдардың әсерінен бүлінгенін байқауға болады.
Атап айтқанда, зымыран бытырасы тигенге ұқсайтын фотолар бар. Бұл — турбинаға құс соғылды немесе ұшақ жанармай багы жарылды деген болжамдарды жоққа шығаратын іспетті.
Әзірбайжан телеарнасы өз үкіметіндегі дереккөзге сүйене отырып, алдын ала тергеу барысында Ресейдің «Панцирь-С» әуе қорғаныс кешенінің зымыраны арқылы ұшақты атып түсіргені туралы ақпарат таратып отыр.
Айта кетерлігі, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев әуе кемесін ресейліктер қасақана атып түсірді деп мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ Ресей тарапы кінәсін толықтай мойындап, айыптыларды жазалап, зардап шеккендер мен олардың отбасына өтемақы төлеуін талап еткен-ді.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бет алған AZAL компаниясының ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 67 адамның 38-і қаза тауып, 29 адам тірі қалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Бразилиядағы ұшақ құрастырушы зауыт өкілдері қара жәшікті тексеруге кірісіпті