Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасқан деген ақпаратты Primeminister.kz сайты жариялады.
Белгілі болғандай, орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады. Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құраған.
Елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау күшейтілген. Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге арттып отыр. Десекте, жаряланған ақпаратқа сәйкес, барлық өңірдегі жағдай бірдей емес. Тізімге сәйкес, тек 9 облыс және қалада көрсеткіштер жоғары.
Аймақтардағы туризм: өсу, инвестиция және инфрақұрылымның дамуы
Ақмола облысы
Биылғы 9 ай қорытындысы бойынша өңірге келген туристер легі 1 млн-нан астам туристке жетті, оның ішінде 404,7 мың адамға орналастыру орындары қызмет көрсетті. Бурабай курорттық аймағына 932 мың адам келді. Туризм саласынан бюджетке түсетін салықтық түсім мөлшері 3,1 млрд теңгені құрады, өсім 30%-ды құрады.
Биылғы 10 ай қорытындысына сәйкес, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23,1 млрд теңгені құрап отыр.
Алматы облысы
2024 жылдың 9 айында туристер саны 384,1 мың адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп (322,3 мың адам).
Туристер арасында «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері», «Шарын» өңірінің мемлекеттік ұлттық табиғи парктері пайдаланылады.
Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 24,4 млрд теңгені құрады.
Алматы облысы еліміздің туристік стратегиясындағы негізгі бағыттардың біріне айналған бірегей тау кластерін белсенді дамытып келеді. Туристік саланы дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған бекітілген тұжырымдамасы шеңберінде Түрген көркем шатқалынан Қаскелең шатқалына дейін тау шаңғысы базаларын құру мен жаңғыртуды қамтитын кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Аталған жоба таулы демалыс үшін заманауи және сұранысқа ие инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ Алматы өңірінің халықаралық деңгейдегі туризм орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға қабілетті жаңа тартымды орындар ашуға бағытталған.
Алматы қаласы
9 айдың қорытындысына сәйкес, 2024 жылы туристердің жалпы саны 14%-ға (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) өсіп, 1,7 млн адамға жетті. Шетелдік туристер саны 24%-ға өсіп, 507,5 мың адамға жетті. Ішкі туристер саны 1,2 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Туристер легінің артуы негізгі капиталға инвестицияның ұлғаюымен қатар жүреді. 2024 жылдың 10 айында 29,3% өсіммен 86,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Туризмнен түскен салық түсімдері 76,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Қаланың туризм саласында 83,1 мың адам жұмыспен қамтылған.
2024 жылы Алматыда жеке қаражат есебінен 25 туристік нысан ашылды, атап айтқанда, 15 қонақ үй, 4 глэмпинг алаңы, 4 жатақхана және 2 қонақ үй. Сондай-ақ жеке инвестиция есебінен 2027 жылға дейін 339,5 млрд теңгеге қонақүй құрылысы бойынша 30 жобаны аяқтау және 125 млрд теңгеге 29 туристік нысан салу жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облысы
2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда елімізге келушілер санының 18%-ға артқаны байқалады. Туризм саласында 2024-2026 жылдарға жалпы құны 25 млрд теңгені құрайтын 14 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 14,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ға артық.
Жетісу облысы
Жалпы, өңірде туризм саласын дамыту 5 негізгі бағыт: Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы тау сілемі әлеуетіне негізделген.
2024 жылғы 9 айда туристік нысандарға 253 мыңнан астам адам келген, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық. 10 айдағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биыл 9,4 млрд теңгені құрады.
Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысы аяқталды, «Талдықорған – Үшарал» автомобиль жолдарының (313,5 шақырым) асфальтбетон жабыны қамтамасыз етілді, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды.
Қарағанды облысы
2024 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласында көрсетілген қызмет көлемі – 7 млрд теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішімен салыстырғанда 75%. Салаға құйылған инвестиция 17,4 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері жалпы құны 4,1 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылып, 23 жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ 2025–2027 жылдары туризм саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған: Балқаштағы қалалық жағажай жағалауы аймағын абаттандыру және қаладағы әуежайды реконструкциялау жұмыстарын аяқтау.
Қызылорда облысы
Биыл өңір 9 айда 116,6 мың турист қабылдады. Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес, туризм саласына құйылған инвестиция көлемі – 26,1 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,5%-ға артық.
Маңғыстау облысы
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ресми деректер бойынша облысқа 367,4 мың турист келген, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13%-ға артық. Өңірде көрсетілген туристік қызметтердің жалпы құны 15,2 млрд теңгеге жетіп, 34,7%-ға өсті. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына құйылған инвестиция көлемі – 6,6 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артық.
2024 жылы жалпы инвестиция көлемі 8,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды, бұл 80 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
2025–2027 жылдар аралығында жалпы құны 100 млрд теңге болатын 500-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Кендірлі туристік аймағын дамыту бойынша мастер-жоспар әзірленіп жатыр.
Ұлытау облысы
2024 жылғы 9 айда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер саны 21,2 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде 732-ден астамы – шетелдік туристер. Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға артып, 497,9 млн теңгеден асты.
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі – 2 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,6%-ға артық.
Сонымен қатар 1 млрд теңге сомасына 3 қонақ үй кешені іске қосылды. 2025 жылы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын екі қонақ үйді пайдалануға беру, тарихи орындар бойынша жеңіл инфрақұрылым мен далалық навигация орнату жоспарлануда. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 2025 жылы Тасбұлақ бқлағы аумағын абаттандыру және Сәтбаев қаласынан Жошы хан және Домбауыл кешеніне дейін құны 12,5 млрд теңгені құрайтын тас жолын салу жұмыстары да қарастырылған.
Қазақстан мәдени бай мұраны, табиғи әртүрлілікті және заманауи инфрақұрылымдық шешімдерді үйлестіре отырып, саяхат үшін ең тартымды бағыттардың бірі ретінде өзінің имиджін қалыптастыруды жалғастырып келеді.