Қоғам

Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оқу мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі қарқынмен дамыған заманда, әсіресе IT және жасанды интеллект салаларында білім мен технологиялар өте тез ескіретіндіктен, төрт жылдық оқу мерзімі тым ұзақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты студенттерге қысқартылған бағдарламамен оқуға мүмкіндік беретін қолданбалы бакалавриат форматы ұсынылуда. Алдағы қыркүйек айында елімізде оқу процесін жекелендіру алгоритмдері арқылы құратын алғашқы Қазақстандық жасанды интеллект зерттеу университеті іске қосылады.

ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын жасауда үлкен еркіндік беріліп, жаңа модельдерге арналған нормативтік база дайындалды.

Болашақта елімізде анағұрлым икемді әрі гибридті оқыту форматтары дамытылатын болады. Бұл бастама жоғары оқу орындарына жаңа екпін беріп, заман талабына сай икемді маман даярлауға жол ашады деп күтілуде.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button