Интеллект дәуірі

Еліміздегі алғашқы ЖИ университеті студент қабылдай бастады

Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы алғашқы зерттеу университеті студент қабылдайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл Qazaq AI Research University шамамен 600 студентті оқуға қабылдайды. Оның ішінде бакалавриатқа 400 студент түседі, олардың 308-і мемлекеттік грант иегері болады. Магистратураға тағы 100 адам қабылданады. Олар Astana Hub пен Alageum гранттары және ақылы негізде білім алады.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасы бойынша оқуға жібереді. Университеттің негізгі бағыты – жасанды интеллект саласында мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button