Қоғам
Тренд

«Алкоголға әуестігім бар»: Данияр Елеусінов ағынан жарылды

Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусінов өзінің ішімдікке әуестігі бар екенін мойындады. Жуырда ғана көлік соғып, қамалып шыққан спортшы өзінің парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.

Спортшы өз жазбасында ішімдікке әуестігі бар екенін мойындаған.

«Бәрі мені сынап жатыр ғой, ішіп алып жол апаттына ұшарады деп. Иә, мойындамын, олимпиададан кейін алкогольге деген әуестігім оянды. Мұның қалай болғанын, бұл дертке қалай шалдыққанымды білмеймін. Бірақ бұл – күлетін нәрсе емес, бірақ адамдар күледі. Өз басына түспеген соң түсінбейді ғой. Мен де кезінде, жас кезімде түсінбей, басқаларға күлетінмін. Бірақ өмірде біреуді сынаған немесе айтқан нәрсең ертең өз басыңа келмей қоймайды. Абайлаңыздар, қазір бұл мәселемен күресіп жатырмын», — деп атап өткен спортшы.

Сондай-ақ ол мұның сынақ екенін атап өткен.

«Бірақ мұндай мойындауды қазақ халқы түсінбейді ғой, «айтуға болмайды ғой, ерік-жігер деген болу керек» деп жатады, бірақ бұл – жай ғана ерік-жігердің жетіспеушілігі емес, Алла тағаланың сыны. Мен әлем, Азия чемпионы болдым, Азия ойындарын ұттым, керек болса, бәрін жеңдім. Өмір болған соң түрлі сынақтар болады екен, ал менің маңдайыма осындай сынақ жазылыпты. Ең бастысы — денсаулық пен аман-саулық екен.

Жұрт күледі, «алкаш», «алкоголик» дейді… Иә, мойындаймын…  Бірақ сола бола тұра, мен Олимпиада чемпионымын. Әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында чемпион болып қалдым және алға ұмтылуды жалғастыра беремін. Мен ақталғым келмейді, бәлкім, ең үздік те шығармын. Головкиннен, Шүменовтен немесе Жәкіяновтан артықпын демеймін. Ешкімнен асып түсуге тырысқан жоқпын, тек жақсы болғым келді, бұл туралы бұрын да айтқанмын.

Адамдардың бәрі мені тәкаппар деп ойлайды — жоқ, олай емес. «Генерал болғысы келмеген солдат – жаман солдат» дейді ғой, мен де чемпион, ең үздік, ең амбициялы болғым келді. Олимпиададан кейін бәрі басқаша болады деп ойладым, бірақ ойлағанымдай болмады. Десе де, әлі бәрі жақсы болады деп сенемін. Америкаға қайта келдім. Қайтадан мықты чемпион боламыз. Жақсы көріп, қолдаңыздар, жанкүйер болыңыздар. Қазақтың жігіті чемпион атанса, бұл – бәріміз үшін қуаныш қой. Ал адамды жерге түсіре салу оңай ғой…», — деп ағынан жарылған спортшы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button