Қоғам
Астанада сайлау күні қоғамдық көлік тегін болады

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.
Бұл жеңілдік Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесіне,
қалалық және экспресс-бағыттарға,
сондай-ақ қала маңы маршруттарына қатысты.
Қалалық әкімдік бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауына және сайлау учаскелеріне баруына қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырылып отырғанын хабарлады.
Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеру ұсынылды.



