Мәдениет

Қазақ кинорежиссері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті 

Қазақстанның көрнекті кинорежиссері, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ардақ Әмірқұлов ұлттық кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де туындылары қазақ киносының алтын қорына енді. Әсіресе халықаралық марапаттарға ие болған «Отырардың күйреуі» фильмі режиссердің шығармашылығын әлемге танытты.

Сонымен қатар ол ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, бірнеше буын қазақстандық кинематографистерді тәрбиеледі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button