Мәдениет

«Баянның тәрбиесі белден төмен бе?»: KeshYou тобының концертіндегі ұятсыз әрекеттер елді шулатып жатыр

KeshYou тобының экс-әншісі Елизат Берікова әлеуметтік желіде сахнадағы биі үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Әлеуметтік желіде әншінің концерт барысында билеп жатқан сәтінен видео тарады. Кадрларда Елизат Берікова бишілермен бірге өнер көрсетіп, сахналық қойылым кезінде ер бишіге аяғын көтеріп, тепкен қимыл жасайды.

Алайда әншінің бұл биі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбір оқырмандар оның сахнадағы образын орынсыз деп санап, қойылымды сынға алған.

«Джейло деген сайын қатты кетті», «Еркекке де, әйелге де аяқ көтермеген», «Кринж», «Баянның беретін бар тәрбиесі осы ғана сияқты…», «KeshYou-дың кешегі концерттегі қойылымы тіпті ұят екен. Әңгіме әйелдің ер адамды тепкілегенінде. “Сахна ғой, образ ғой” дегенді түсінер біреулер. Бірақ керісінше, ер адам әйелді дәл солай аяқпен тепкілеп образ жасаса – онда бітті ғой, қасқа. Сахнада не көрсеткісі келгені түсініксіз. Өнер деп бәрін ақтай беруге де болмайды», – деп жазды Instagram және Threads қолданушылары.

Сонымен қатар желіде әншіні қолдағандар да бар. Кейбір пікір білдірушілер сахнадағы мұндай қимылдарды қойылымның бір бөлігі ретінде қабылдап, биден әбестік көрмейтінін жазған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button