
Ақтөбе облысында жұмыс берушінің шағымымен сотталып, кейін бостандыққа шыққан 60 жастағы жылқышы Рахат Сәрсенов баспаналы болды.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.
Журналистің мәліметінше, 33 жыл бойы мал шаруашылығымен айналысқан қарияның отбасына Азамат Үсімбеков есімді кәсіпкер Ақтөбе қаласынан баспана алып берген.
Ол пәтердің кілті мен құжаттарын табыстап, алдағы бір-екі айдың ішінде толық жөндеуден өткен үйде қоныстой жасап беретінін жеткізді.
Жаңа баспанасын әйелімен бірге көріп, көз жасына ерік берген қария халықтың қолдауына ризашылығын білдірді.
«Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім», – деді Рахат Сәрсенов.
Қазіргі таңда қарияның ісімен заңгерлер айналысып жатыр.



